ШҚО-да бөгеттер мен өзендерге әуеден барлау жүргізілді

30 Наурыз 2024, 17:22
334
Бөлісу:
ШҚО-да бөгеттер мен өзендерге әуеден барлау жүргізілді
Фото: видеодан кадр

ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов пен ШҚО ТЖД басшысы Ерғали Бахаев бастаған жұмыс тобы өңірге қарасты Күршім,Самар, Марқакөл, Үлкен Нарын аудандарындағы жағдайды әуеден бақылап қайтты.

Аймақта су басу қаупі жоқ екенін жеткізді.

Әуеден барлау барысында жағдай тұрақты екені байқалды. Қара Ертіс өзенінде мұздың жарылуына байланысты, су өз ағысымен кетуде. Үлкен Нарын ауылына байланысты жергілікті атқарушы органдармен,ТЖД мамандары тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Облыс бойынша жағдай күнделікті бақылауда. Қауіп бар деген жерлерде кезекшілік қойылған.Олар тәулік бойы қадағалап отыр,- деді Бақытжан Байахметов Үлкен Нарын ауылына келген сапарында.

ШҚО әкімінің орынбасары Үлкен Нарын ауылындағы атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көріп, аудан басшылығына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Өзгелердің жаңалығы