ШҚО-да 68 эвакуациялық пункт дайындалды

30 Қаңтар 2023, 16:36
699
Бөлісу:
ШҚО-да 68 эвакуациялық пункт дайындалды
Фото: almaty.tv

Шығыс Қазақстан облысында тасқын қаупіне байланысты 68 эвакуациялық пункт дайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта Зайсан ауданындағы тұрғын үйлерге су қоймасы қауіп туғызып отыр. Бұл туралы Altaynews жазды.

«Оны қауіпсіз жағдайға келтіру үшін қанша қаражат қажет екенін талдау қажет. Су тасқыны кезеңінде жарылыс жұмыстарына 264 миллион теңге бөлініп, олардың орындары анықталды. Техника саны жеткілікті. Сонымен қатар 7 000 адамға арналған 68 эвакуациялық пункт дайындалды, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, ақпан айында ауа температурасының жылынуына дайын болу керек.

«Қалалар мен аудандардың әкімдері, әсіресе су басу қаупі бар аймақтар дайын болуы керек. Барлығын тағы бір рет талдап, су және су өткізу құрылыстарын тазартуға ерекше назар аудара отырып, қауіпсіздік шараларын пысықтау қажет», - деді аймақ басшысы.

Өзгелердің жаңалығы