ШҚО-да 4 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттырды

22 Ақпан 2023, 21:37
941
Бөлісу:
ШҚО-да 4 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттырды

ШҚО-да өткен 2022 жылы 4 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттыру бойынша курстан өткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева айтты. Бұл туралы Altaynews жазды.

Ал, ағымдағы жылы бес мыңнан астам ұстаздың біліктілігін арттыру жоспрланған.

Өткен жылы өңірдің төрт мыңнан астам педагогы біліктілігін арттыру бойынша курстардан өтті. Биыл бес мыңнан астам мұғалімді курстан өткізу жоспрланып отыр. Мұндай курстар үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды элементі болып табылады, - дейді Инесса Чернышева.

Оның айтуынша, өңірде көптілділік бағдарламасына да көп көңіл бөлінуде.

Өзгелердің жаңалығы