ШҚО-да 2025 жылға дейін 15 мектеп салынады

11 Қыркүйек 2022, 00:11
1626
Бөлісу:
ШҚО-да 2025 жылға дейін 15 мектеп салынады

Бұл туралы Қоғамдық келісім орталығының алаңындағы Жолдауға байланысты жиын барысында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина облыстың өзекті мәселесінің бірі мектепке дейінгі мекемелерде орындар ұйымдастыру екендігін айтты.

«Білімді ұлт» ұлттық жобасы бекітілді, онда білім беру саласында қол жеткізуге болатын мақсаттар анықталды, оның ішінде балабақшаларға кезектілікті жою, - деп қосты спикер.

Аймақта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» жобасы әзірленуде. Оның аясында 2025 жылға дейін облыста 15 жаңа мектеп салу жоспарлануда.

Биыл төрт жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Солардың бірі Риддер қаласында ашылды. Қалған үшеуі – Қасым Қайсенов кентінде, Күршім ауданының Урунхайка және Жолнұсқау ауылдарында салынады, - деп атап өтті білім басқармасы басшысының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы