ШҚО-да 11 адам бір аптадан кейін қар құрсауынан құтқарылды

10 Қаңтар 2023, 21:16
775
Бөлісу:
ШҚО-да 11 адам бір аптадан кейін қар құрсауынан құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Волчиха ауылының тұрғындары бір апта бойы қар құрсауында қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1,5 метрден астам ақ ұлпаға көмілген халыққа өңірдің төтенше жағдай мамандары көмекке келді. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Он бір адам үдей соққан боран мен толассыз жауған қардың салдарынан қала сыртындағы үйден шыға алмай, қамалып қалған. 

Көмекке келген облыстық Төтенше жағдай департаменті  жедел құтқару жасағының құтқарушылары жол талғамайтын «Шерп» көлігімен барлық тұрғынды аман-есен алып шықты. Оларға  медициналық көмек қажет болмаған.

Өзгелердің жаңалығы