Шпекбаев Алматы қаласының белсенді қоғам өкілдерімен кездесті

5 Ақпан 2021, 15:20
1665
Бөлісу:
Шпекбаев Алматы қаласының белсенді қоғам өкілдерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында қаланың қоғам белсенділерімен ашық диалог өткізді. 

Белсенді азаматтық қоғамсыз жемқорлықты азайту, тіпті оны түбегейлі жою туралы айтудың еш мәні жоқ. Сондықтан біз қоғамдық серіктестерді таңдауда және оның санына қатысты өзімізді шектемейміз. Бүгінгі таңда Агенттік 80 мыңға жуық сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділер мен еріктілердің қолдауына ие. Олардың қайтарымсыз қызметі азаматтардың нақты мәселелерін шешуге көмектесті. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, жұмысты жалғастырып, алдын алу қызметін күшейтеміз, - деді Алик Шпекбаев.
Шпекбаев Алматы қаласының белсенді қоғам өкілдерімен кездесті

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, «Алматы – адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерінің, арнайы мониторинг тобының және олардың филиалдарының жетекшілері қатысты. Шақырылған қонақтар қатарында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары, Агенттік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Игорь Рогов болды.

Отырысты аша отырып, «Алматы – адалдық алаңы» жобасының кураторы Ержан Бабақұмаров жобаны іске асыру қорытындылары бойынша оң нәтижелерді атап өтті.

Жүргізілген жұмыс аясында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар деңгейінің төмендеуі мен халықтың жемқорлыққа қарсы белсенділігінің артуында оң өзгеріс байқалады, бұл жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудегі жаңа тәсілдерге ықпал етті, - деді ол.
Шпекбаев Алматы қаласының белсенді қоғам өкілдерімен кездесті

Түрлі форматтағы іс-шаралар арқылы жүздеген алматылық елдегі қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы жаңа және қосымша ақпарат алды, құқықтық білімдерін нығайтты. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданында «Адалдық алаңы» филиалдары ашылғаннан кейін қосымша қарқынға ие болды.

Кездесу барысында «Адалдың алаңы» жобалық кеңсесінің жаңа жетекшісі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айнұр Сәбитова таныстырылды. 

«Адалдық алаңы»  жобасының аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Тұрғындар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстағы оң өзгерістерді атап өтті. Сонымен қоса, биылға жаңа мақсаттар қойып, жекелеген жобаларды іске асыру басталды. Қазір жергілікті атқарушы органдарда және халық үшін әлеуметтік маңызды салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілуде, - деп атап өтті Сәбитова.

Спикерлер, Агенттіктің жобалық кеңселерінің жетекшілері жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың уақытылы және үйлестірілген іс-қимылдарының тиімділігін, сондай-ақ жазаның бұлтартпастығы қағидатын мызғымас сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Шақырылған қоғам белсенділері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа, оның ішінде қоғамды саяси жаңғырту және демократияландыру тұрғысынан өз көзқарастарын білдіріп, нақты жемқорлық тәуекелдерін белгіледі.

Агенттік төрағасы барлық мәселе бойынша толық түсініктеме беріп, бірқатар нақты өтініш пен шағымды бақылауға алды. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшыларын жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысты күшейтуге, «Адалдық алаңы» жобасының жұмысын жандандыруға шақырды.

Шпекбаев Алматы қаласының белсенді қоғам өкілдерімен кездесті

Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды. Біз үшін белсенді қайраткерлермен әр кездесу маңызды. Біз мұқият пысықтап, нақты басқарушылық шешімдер қабылдаймыз, мұның бәрі заңнамадағы өзгерістерде көрініс табады, - деп сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы сөзін қорытындылады.

Өзгелердің жаңалығы