Шорт-тректен лицензиялық әлем кубогінде Денис Никиша жарысты 7-орынмен аяқтады

21 Қараша 2021, 13:24
766
Бөлісу:
Шорт-тректен лицензиялық әлем кубогінде Денис Никиша жарысты 7-орынмен аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогінде қазақстандық спортшылар әзірге жүлдеге іліккен жоқ деп хабарлайды Olympic.kz

500 метрге жарысудан ең үздік нәтижені Денис Никиша тіркеді. Ол 7-ші орын иеленген. Осы қашықтықта Әділ Ғалиахметов 10-шы, Абзал Әжіғалиев 23-ші орын алды.

1500 метрге жарысуда Әділ Ғалиахметов 23-ші, Еркебұлан Шамұханов 25-ші орыннан көрінді.

Командалық эстафетада Қазақстан 9-шы орынды қанағат тұтқан.

Әйелдер арасында 500 метрге жүгіруден сынға түскен Яна Хан 41-ші, Алена Волковицкая 47-ші, Әсел Тайшыманова 50-ші орын алған.

1500 метрге жарысудан Ольга Тихонова 25-ші, Мадина Жанбосынова 38-ші орынға табан тіреді.

Өзгелердің жаңалығы