Шорт-трекші Денис Никиша World Tour кезеңінде 6-орынға ие болды

7 Желтоқсан 2024, 17:34
359
Бөлісу:
Шорт-трекші Денис Никиша World Tour кезеңінде 6-орынға ие болды
Фото: ҰОК

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Денис Никиша Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан World Tour кезеңінде алтыншы орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол 1500 метр қашықтықта А финалына дейін жетіп, шешуші жарыста алтыншы нәтиже көрсетті.

Бірінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы Пак Джи Вон иеленсе, екінші болып канадалық Уильям Данджину келді. Үздік үштікті Қытай спортшысы Сунь Лун түйіндеді.

Өзгелердің жаңалығы