Шорнақтағы оқиға. Алты арандатушының төртеуі ұсталды

25 Шілде 2020, 13:04
1919
Бөлісу:
Шорнақтағы оқиға. Алты арандатушының төртеуі ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook-те жазды.

1 шілде күні Түркістан облысының Шорнақ ауылында ауылдың екі жас тұрғыны арасында тұрмыстық қақтығыс болған еді. Осыған орай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Шорнақта құқыққа қайшы әрекеттерге шақырған төрт азаматтың ұсталғаны туралы мәлімдеді.
Кеше Өмірзақ Шөкеев Шорнақ тұрғындарына уәде еткендей, полиция әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде адамдарды құқыққа қарсы әрекеттерге шақырған алты арандатушының төртеуін тапты. Қалғандарын анықтау және іздеу жұмыстары жалғасуда, - деп жазды ол Facebook-те.

Бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шорнақ ауылында құрылған жедел штаб отырысына қатысып, ел арасына іріткі салған адамдарға қатаң жаза қолданылатынын ескерткен еді.
Өзгелердің жаңалығы