Шорнақтағы жанжал: Әр блогер оқырмандарының алдында жауапты - Балаева

24 Шілде 2020, 11:20
1806
Бөлісу:
Шорнақтағы жанжал: Әр блогер оқырмандарының алдында жауапты - Балаева

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. 1 шілде күні Түркістан облысының Шорнақ ауылында ауылдың екі жас тұрғыны арасында тұрмыстық қақтығыс болып, оған екі жақтың да жақтастары қосылды. 

Жергілікті учаскелік полиция қызметкерінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында төбелес жедел тоқтатылып, жанжалдың бастамашылары мен қатысушылары ұсталды, тергеу басталды деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева. 

ҚР АҚДМ жанынан құрылған Қолданбалы этносаралық қатынастар институтының директоры бастаған мамандар тобы өңірдегі этносаралық жағдайды мониторингілеу бойынша жоспарлы жұмыстар шеңберінде Шорнақ ауылына шұғыл жетіп, болған жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп, жан-жақты толық бағалауға мүмкіндік алды. Әлеуметтік желілерде кеше таратылған хабарламалар мен эпизодтық жарияланымдарды ауыл тұрғындары таратпаған, - деді министр. 

Балаева айтқандай, аудиторияға жалған ақпарат беру мақсатында Шорнақ ауылындағы оқиғаға қатысы жоқ ескі бейне таратылды.

Бұл әрекеттерден қақтығысты ушықтыру және оқиғаға қасақана дем бүрку әрекеттерінің белгілері анық байқалды. Өкінішке қарай, жеке блогерлер материалдың шынайылығына көз жеткізбей, оны өз парақшаларына орналастырды. Осыған байланысты жалған мәліметтерді таратқаны үшін және араздықты тұтандырғаны үшін жауапкершілікті есте сақтау маңызды екенін ескертеміз. Мұндай фактілердің қатаң түрде жолы кесіледі және Заң бойынша қудаланады. Әрбір блогер өз оқырмандары алдында жоғары моральдық жауапкершілікті сезінуі керек, сонымен қатар, өзінің әр сөзінің аудиторияға дұрыс әсер ету деңгейін бағалауы керек, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жанжалдың барлық мән-жайы тексеріліп жатқанын айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы