Шөкеев Шорнақтағы келеңсіз жағдайға байланысты пікір білдірді

24 Шілде 2020, 20:15
1844
Бөлісу:
Шөкеев Шорнақтағы келеңсіз жағдайға байланысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Шорнақ ауылында құрылған жедел штаб отырысына қатысты. 

Өңір басшысы оқиға болған сәтте шұғыл әрекет етіп, ел тыныштығын сақтауда жүйелі жұмыс істеген штаб жұмысына алғыс айтты. Жиыннан соң ауыл тұрғындарымен кездескен облыс әкімі келеңсіз жағдайға байланысты пікір білдірді.

Шорнақ - мыңжылдық тарихы бар мекен. Кеше болған жағдай бүкіл елге тарап, ыңғайсыз жағдай болды. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ауыл үшін бұл - ұят нарсе. Әрине, әлеуметтік желінің дамыған сәтінде бұл жағдайды бұрмалайтын арандатушылардың болары анық. Тек солардың сөзіне еріп кетпеу керек. Ел арасына дау, іріткі салған адамдарға қатаң жаза қолданылады. Ал сіздер, жастар мен аға буынды сабырға шақырып, бірліктеріңізді нығайта түсіңіздер, - деді әкім.

Оның айтуынша, мұндағы әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерге баса назар аударылатынын жеткізді. Өз кезегінде облыс әкімінің сөзін құптаған ауыл ақсақалдары қазақ-өзбек ағайын халық екенін айтты.

Шорнақ ауылы осы уақытқа дейін дау шығарған ауыл емес еді. Кешегі оқиға барлығымызды есеңгіретті. Себебі, әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат көп тарады. Осындай жағдайдың болуына себепкер жастар үшін барлығыңыздан кешірім сұраймыз. Біз - қазақ, өзбек ағайын халықпыз. Тіліміз, дініміз бір елміз, - деді олар.

Сондай-ақ, Түркістан облыстық Өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы сөз алып, ауыл тұрғындарын бірлікке, ынтымаққа шақырды. 

Атап өтейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шорнақтағы жағдай бойынша облыс басшылығы және құқық қорғау органдарымен жиын өткізіп, Өмірзақ Шөкеевтің Шорнақтағы бұзақылықты дер кезінде тыйған тыңғылықты жұмысы үшін жоғары баға берді. 

20 шілде күні болған оқиғаның қазіргі таңда жай-жапсары анықталып, үйреншікті өмірге қайтып оралды.

Өзгелердің жаңалығы