Шомылу маусымы басталғаннан бері ТЖ департаментінің қызметкерлері көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп ӘҚБтК-нің 582-бабы бойынша шағын көлемді кемеде киілмегеген және тағылмаған қауіпсіздік кеудешелерінсіз болғаны үшін 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Адамдар көбінесе өз күштеріне сеніп судағы қауіпсіздік ережелерін елемейді, мас күйінде қауіпсіздік кеудешелерін кимей суда шомылады, – деді Ақмола облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы офицері Диас Әмірханов.
Сондай-ақ, шомылу маусымы басталғаннан бері ӘҚБтК-нің 440 бабы бойынша – алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 9 адам, ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша – ортақ су пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 5 адам және ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша – 1 адам су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны немесе орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облысының ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады:
- егер сіз кішкентай балалармен бірге су қоймасында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға ересектерсіз суға кіруге рұқсат бермеңіз;
- тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
- жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардың артында жүзбеңіз;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;
- суға түспеңіз және қараңғы уақытта шомылмаңыз;
- суға алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде кірмеңіз.