Шөкеев Түркістандағы жаңа саябақтарды аралады

4 Ақпан 2021, 21:52
1218
Бөлісу:
Шөкеев Түркістандағы жаңа саябақтарды аралады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында биыл бірнеше жаңа саябақ пайдалануға беріледі. Олардың қатарында Б.Саттарханов даңғылындағы «Желілік саябақ» пен  «Орталық саябақ» бар. 

Шөкеев Түркістандағы жаңа саябақтарды аралады

Сонымен қатар қаладағы Яссауи көшесінің бойы да толық көгалдандырып, желілік саябаққа айналмақ. 

Шөкеев Түркістандағы жаңа саябақтарды аралады

"Әзірет Сұлтан" қорық мұражайының аумағын абаттандыру да аяқталуға жақын. Шаһардағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Құрылысты ширатуды тапсырды.

Шөкеев Түркістандағы жаңа саябақтарды аралады

Түркістан қаласында 30-ға жуық нысанның аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілген. Көпқабатты үйлер алдына балалар ойын алаңшалары салынып, абаттандырылуда. 

Шөкеев Түркістандағы жаңа саябақтарды аралады

Аулалар мен гүлзарлар және ойын алаңдары салынып, 15 нысанға 300-ден астам адам жұмысқа тартылды. Бұған қоса, 26 көшеге көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 8 мыңға жуық түп ағаш отырғызылды. 

Шөкеев Түркістандағы жаңа саябақтарды аралады

Сондай-ақ, ашық алаңдарды көгалдандыру бойынша 100 гектарға жуық «Жасыл белдеу» көгалдандыру аймағына 40 мың көшет егілді. 

Шөкеев Түркістандағы жаңа саябақтарды аралады

«Халықтық жоба» негізінде белгіленген нысандар және қоғамдық орындар көгалдандырылып, порт алаңдары, субұрқақтар, шатырлар, орындықтар, жарықшам мен қоқыс жәшіктері орнатылуда. Аталмыш жұмыстарға тек жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылды.

Шөкеев Түркістандағы жаңа саябақтарды аралады

Шығыс үлгісінде салынып жатқан «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінде болған облыс әкімі құрылыс барысымен танысты. Ясауи кесенесінің жанынан бой көтерген кешен тоғыз екі және үш қабатты блоктардан тұрады. 

Шөкеев Түркістандағы жаңа саябақтарды аралады

Рухани-мәдени орталықта орналасқан «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінде жалпы аумағы  8 мың шаршы метрден асатын 125 баспана бой көтереді. 

Шөкеев Түркістандағы жаңа саябақтарды аралады

Оның ішінде екі қабатты таунхаустар, 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер бар. Бүгіннен бастап мұнда баспана сатып алушылар үшін ашылған кеңсе өз жұмысын бастады.

Шөкеев Түркістандағы жаңа саябақтарды аралады

Өмірзақ Естайұлы жалпы аумағы 38 гектарды құрайтын «Тұңғыш Президент саябағы» демалыс аймағында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап көрді.  

Шөкеев Түркістандағы жаңа саябақтарды аралады

Түркістан қалалық сазды-драма театры және көмекші мектеп-интернаты жатақханасында жүріп жатқан жұмыстармен танысты. 

Шөкеев Түркістандағы жаңа саябақтарды аралады

Облыстық ғылыми - әмбебап кітапхананың құрылыс алаңында болған өңір басшысы ғимараттың ішкі құрылысына бірқатар өзгерістер енгізіп, кей бөлмелерін кеңейтіп, қабырғаларын әйнектен орнатуды тапсырды.

Шөкеев Түркістандағы жаңа саябақтарды аралады

Өзгелердің жаңалығы