Шөкеев: Мақтааралдағы үй құрылысы 1 тамызда толық аяқталуы қажет

8 Шілде 2020, 17:50
1484
Бөлісу:
Шөкеев: Мақтааралдағы үй құрылысы 1 тамызда толық аяқталуы қажет
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою мәселелері облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өткізген лездемелік жиында ортаға салынды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысының нақты тапсырмасын басшылыққа ала отырып, жұмыстар қарқыны күшейтілген. Үйлердің құрылысы өз мерзімінде, яғни, 1 тамызда толық  аяқталуы қажет.

Өндірістік кестеге сай бақылау жұмыстарын күшейтіп, мердігерлермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау керек. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандардың құрылысына да назардан тыс қалмауы қажет. Аталған жұмыстардың өз мерзімінде аяқталуына тікелей жауапты екендіктеріңізді ескертемін, – деді Өмірзақ Естайұлы.
c453b91b-4fcd-4795-90fc-88b62917f7ba.jpg

Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан орын алған төтенше жағдайға байланысты Мақтаарал ауданында 5 елді мекенде орналасқан жалпы 866 тұрғын үй зардап шекті. Атап айтқанда, Жеңіс ауылында 270 үй, Жаңатұрмыста 52 үй, Достық ауылында 21, Өргебаста 207 үй, Фирдаусиде 316 үй. Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекен тұрғындарының келісімі бойынша, Мырзакент кентінде 386 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 196 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен, қалған 190 тұрғын үй ("Б.Өтемұратов", "Салиқалы ұрпақ", "Біз Біргеміз") қорынан салынуда. Құрылыс алаңында 1550 жұмысшы мен 150 арнайы техника құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмылдырылған. 200-дей үйде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Төтенше жағдай нәтижесінде, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы екі негізі бағыт бойынша жұмыс жүргізуде. Жаңа тұрғын үй құрылысында толық инженерлік инфрақұрылым салынып жатыр. Сонымен қатар, Фирдауси және Өргебас елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы