Шоқан Уәлиханов жайлы құнды деректер цифрланды

20 Ақпан 2019, 21:07
3731
Бөлісу:
Шоқан Уәлиханов жайлы құнды деректер цифрланды

Астана, BAQ.KZ. Әйгілі зерттеуші, ғалым Шоқан Уәлиханов туралы құнды деректер цифрлық жүйеге көшірілді.  КТК телеарнасы.

Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы – күллі қазақтың мақтанышы. Ғұмырында жұмбағы да мол. Ғалымның сан саладағы атқарған еңбектерімен енді shoqan.kz порталында танысуға болады. Мұнда тарихи құжаттар, хаттар, зерттеулер, экспедициялар мен карталар жарияланған.

КТК телеарнасының мәліметінше, ғалымның өмірі туралы мәліметтер мультимедиялық порталға топтастырылды. Осы күнге дейін жазба күйінде сақталған құжаттар цифрлық жүйеге көшірілді.

Сондай-ақ, Шоқан туралы жаңа деректі фильм де жарыққа шықты. Фильм 3 мемлекетте 30 тәулікте түсірілген. Жоғарыдағы порталдың тағы бір міндеті – деректі фильм арқылы Шоқанның жаңа қырын көпке паш ету.

«Бұрынғы тарих кітаптарында Шоқан бұл көбінесе қазақ пен орыстың достығының дәнекері ретінде сипатталды. Бұл фильмде Шоқанды басқа қырынан көрсетуге тырыстық. Сол жағынан көбірек тоқталдық деуге болады. Шоқан туралы фильм тарихты таразылап оны толықтыруға себепкер болары анық», деді КТК телеарнасы қазақ тіліндегі публицистикалық бағдарламалар бөлімінің жетекшісі, Срайыл Смайыл.

Бұрын тарихи жәдігермен танысу үшін шетел асып, мұражай мен кітапханаларды аралау керек болатын. Сандық жүйеге көшірілген құжаттар мұндай машақатты азайтты.

Өзгелердің жаңалығы