ШҚО шаруалары соңғы үш жылда сүт өндірісін еселеп өсірді

20 Сәуір 2021, 15:08
2599
Бөлісу:
ШҚО шаруалары соңғы үш жылда сүт өндірісін еселеп өсірді

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік бағдарламаларды сәтті жүзеге асырып, заманауи құрылғыларды ұтымды пайдаға жаратқан жерлестеріміздің арқасында аймақ сүт өндіруден республика бойынша бірінші, ал ірімшік, сүзбе сияқты сүт өнімдерін өндіруде үшінші орынға шықты.

Соңғы жылдары шығыстың шаруалары сүтті мал шаруашылығын дамытуға ден қойғаны белгілі. Осы мақсатта өңірде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының берген ақпаратына сүйенсек, бүгінгі күні елімізде сүтті мал шаруашылығын дамыту үшін бірнеше мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатқан көрінеді. Олардың қатарында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек», «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламалары мен Ауыл шаруашылығы министрінің асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қатысты бұйырықтары кіреді.

Мысалы, «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде жеңілдетілген несие беру, сондай-ақ субсидия түрінде шығындардың бір бөлігін өтеу қарастырылған. Соңғы жылдары сүтті мал шаруашылығын дамытуға көзделген бағдарламалардың арқасында дамудың оң серпіні байқалады. Атап айтсақ, 2018 жылдан бастап сүт-тауарлы фермалардың сүт өндірісі 63 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін өсті. Ал сүт қабылдау пункттерінің жинаған сүті 36 мың тоннадан 57 мың тоннаға дейін ұлғайды, – дейді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Қуанышев.

Оның айтуынша, өткен жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында облыстағы Ауыл шаруашылығын дамытуға республикалық бюджеттен 3 126,15 млн теңге мөлшерінде кредиттік қаражат бөлінген екен. Осының нәтижесінде өңірдегі қаржы институттары кәсіпкерлерге 824 шағын несие берген. Ал елімізде бұл бағыттағы несиелік қаражатты беруді Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен Аграрлық несие корпорациясы ұйымдары өз мойындарына алған. Биыл бағдарлама бойынша 1400 млн теңге мөлшерінде қаражат қарастырылып, ақша аталған екі ұйымға қайтара бөлініп берілген.

 

Республика бойынша бірінші

Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде бүгінде өңіріміз республика бойынша сүт өндіруден бірінші орынға шықса, ірімшік, сүзбе сияқты сүт өндімдерін өндіруде үшінші орынға табан тіреді. «Сыбаға» ақпараттық ресурсының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта облыста сүт өнімі бағытында жұмыс істейтін 243 шаруашылық бар. Бұған қоса, облыстың жеті аудан, қаласында сүт өңдеумен айналысатын тоғыз кәсіпорын осы іске жұдырықша жұмылған, – деді Ербол Қуанышев.

Оның айтуынша, облыстағы сүт өңдейтін кәсіпорындардың сүт қабылдаудағы орташа бағасы 100 теңгені құрайтын көрінеді. Ал сүтті қабылдау бағасын сатып алушы кәсіпорын өзі белгілейді. Статистикалық деректер бoйыншa қазіргі таңда облыста 1,1 млн бастан астам iрi қaрa мaл болса, оның 238,7 мыңы сүтті, ал 821,2 мыңы cүттi-eттi бaғыттaғы iрi қaрa. Мaл бacы жыл сайын ұлғайғанымен жақын арада жаңадан сүт өңдейтін кәсіпорындар ашу жоспарланбаған. Тек қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту ғана көзделген.

Алдағы уақытта өңірдегі шаруашылықтар мен тұрғындардан жиналатын сүт көлемін 3-5 пайызға ұлғайту жоспарланған. Бүгінгі күні облыста 21,5 мың бас сауын сиыры бар 71 сүт-тауарлы ферма жұмыс істеп тұр. Келешекте олардың санын ұлғайту жоспарланған. Яғни, биыл қосымша екі сүт-тауарлы ферма салып, бұрыннан бері жұмыс істеп тұрған екі ферманы қайта жаңғырту ойымызда бар, – деп қосты Ербол Қуанышев.

Бұдан бөлек, қазіргі уақытта өңір халқынан сүт қабылдап отырған 60 сүт қабылдау пункттерінің де санын ұлғайту жоспарланған. Атап айтсақ, биылдың өзінде ғана осындай бес пункт өңірдің аудан, қалаларында пайда болуы мүмкін.

Барлық үрдіс автоматтандырылған

Бүгінде облыстағы сүт өндіру үрдісінің алға басуына жағдай жасап отырған тағы бір бағыт – сүт сауу үрдісінің автоматтандырылуы. Құзырлы орган өкілінің жауабына сүйенсек, қазіргі уақытта аймақта мал басы 400-ден көп шаруашылықтың басым бөлігі автоматтандырылған сауу, көңді автоматты түрде жою және мал азығын тарату құрылғыларымен жабдықталған екен. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табатынын алға тартқан басқарма өкілі қазіргі таңда облыста толық роботтандырылған екі ферма барын атап өтті. Олар Бородулиха ауданындағы «Зайтенов» және Глубокое ауданындағы «Бобровка+» шаруа қожалықтары.

2020 жылы облыста 1050 басқа арналған 4 сүт-тауарлы ферма салынып, 150 басқа арналған үш ферма заманауи техникалармен жабдықталып, қайта жаңғыртылды.

Осылайша, жылдың бірінші жартысында-ақ халықтан жиналған сүт жоспарда межеленген көрсеткіштен асты. Жалпы, өткен жылы өңірде 1150 басқа арналған бес сүт-тауарлы ферма салу және 450 басқа арналған үш ферманы қайта жаңғырту көзделген болатын. Жылдың бірінші жартысында Өскеменде 50 басқа, ал Катонқарағайда 200 бас ірі қараға арналған ферма салынып, Ұландағы 50 бастық бір ферма қайта жөндеуден өткізілді.

Бұдан бөлек, былтырғы жылы төрт ауданда бес сүт қабылдайтын пункт ашу жоспарланған болатын. Жылдың бірінші жартысында көзделген мақсат іске асып, Жарма, Ұлан, Шемонаиха, Күршім аудандарында сүт қабылдайтын пункттер ашылды. Осылайша, халықтан 23 мың тонна сүт жиналып, облыстағы сүт өңдейтін зауыттарға 71,6 мың тонна сүт жеткізілді.

Сонымен қатар, соңғы жылдары сүт өнімдерінің сапасын арттыруға, сүт сауу гигиенасына, сүт өнімдерінің тұтынушыға бұзылмай жетуіне қатысты мәселелер көптеген құзырлы мекемелердің назарында жүр. Атап айтсақ, бұл іске бел шеше кіріскен ұйымдардың бірі - облыстық Кәсіпкерлер палатасы. Бұл бағытта түрлі семинарлар өткізуді қолға aлғaн олар өңірге Біріккен Ұлттар Ұйымының Aзық-түлiк жәнe ayыл шaрyaшылығы caлacы бoйыншa халықаралық сарапшыларын шақырып, ayыл шaрyaшылығы тауарларын өндiрyшiлeргe шағын және қосалқы шаруашылықпен айналысудың тұжырымдамасы талаптарын жеткізуде. Мұндай шараларда өңір шаруаларына сүтті шикізат түрінде сатудың Кеден Одағы елдеріндегі талаптары, сондай-ақ сүт сауудағы гигиена сақтаудың сапаға әсері жайлы мәселелер егжей-тегжейлі түсіндіріледі. Жалпы айтқанда, «қарапайым ветеринариялық қауіпсіздіктен бастап, сүт өңдеуге дейінгі үрдіс шаруаның назарынан бір сәтке қалмауы тиіс», - деген қағида берік ұсталуда.

Қолдау қаражаты беріледі

Жалпы, сүтті мал шаруашылығымен айналысамын деген шаруаға сүт сатудан бөлек, мемлекет тарапын жасалатын субсидиялау түріндегі қолдау қаражаты да көптеп көмегін тигізуде.

Еліміздің Ayыл шaрyaшылығы мuнucтрiнiң 2018 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бeкiтiлгeн acыл тұқымды мaл шaрyaшылығын дaмытyды, мaл шaрyaшылығының өнімділігін жәнe өнiм caпacын aрттырyды cyбcuдuялay қaғидaлaрынa сәйкес, сүт өндіру құнын арзандату бағыты бойынша субсидиялар төленеді, – дейді Ербол Қуанышев.

Оның айтуынша, бүгінде сүттің өткізілген немесе өңделген әр литрі немесе килограмы үшін сауын сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылыққа – 35 теңгеден, 400 бacтaн бacтaлaтын шаруашылыққа - 20 теңгеден, 50 бacтaн бacтaлaтын шaрyaшылықтaр мен ayыл шaрyaшылығы кооперативтеріне – 10 теңгеден субсидия төленеді екен.

Cүттi бағыттағы iрi қaрa мaл өсіріп отырған шаруашылықтар сүттен бөлек, бacқa да бағыттар бойынша субсидия ала алады. Атап айтсақ, cүттi жәнe cүттi-eттi acыл тұқымды бұқaның ұрығын caтып aлy, шaрya қoжaлықтaрындa жәнe ayыл шaрyaшылығы кooпeрaтuвтeрiндe cүттi жәнe cүттi-eттi бaғыттaғы iрi қaрa aнaлық мaлдың бacын қoлдaн ұрықтaндырy бойынша көрсетілетін қызметтерге де субсидия төленеді, – деп қосты Ербол Қуанышев.

Ал cүттi бaғыттaғы шаруашылықпен айналысамын деген азаматтар acыл тұқымды мaл шaрyaшылығын дaмытyды, мaл шaрyaшылығының өнімділігін жәнe өнiм caпacын aрттырyды cyбcuдиялay қағидаларының критерийлері мен талаптарына сәйкес келген кезде субсидия ала алады.

 

Өзгелердің жаңалығы