ШҚО-да су тасқынының алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде

1 Сәуір 2021, 19:20
1496
Бөлісу:
ШҚО-да су тасқынының алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-ға келген күштер мен құрылымдар су тасқынының алдын алу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде. 

Төтенше жағдайлар министрінің нұсқауы бойынша Шығыс Қазақстанға келген Қарағанды облысы №52859 әскери бөлімінің күштері мен құралдары тобы қазіргі уақытта Көкпекті ауданындағы Самар ауылында және Алтай ауданында бірден 2 су тасқыны қаупі бар аймақтарда су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізуде. 

Құрамында 50 адам бар жеке құрам жергілікті атқарушы органдарға және халыққа қарды тазалау, арықтар мен су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша белсенді көмек көрсетуде, - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 

Алтай ауданында әскерилер Вторушенский каналында мұз кесу жұмыстарын жүргізді. Мұндағы мұз қалыңдығы 1,5 метр. Сондай-ақ 60 метр су өткізу құбырлары мен 400 метр су бұру арналары тазаланды. Жеке тұрғын үй секторының аула аумақтары қардан тазартылды. Инертті материалы бар 100 қап төселді. 

Жеке құрам жергілікті тоған-жинағыштағы және Бұқтырма және Хамир өзендеріндегі су деңгейін мониторинг жасауға жұмылдырылған. 

Министрліктің мәліметінше, Көкпекті ауданында «Мариногорка-Жумба» автожолының бойында №52859 әскери бөлімі қар мен мұздан 60 метр және 84 метр су өткізу арналарының арнасын тазалау жұмыстарын ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы