ШҚО-да су тасқынына дайындық жүріп жатыр

7 Наурыз 2021, 00:26
1414
Бөлісу:
ШҚО-да су тасқынына дайындық жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда «Көктем-2021» республикалық командалық оқу-жаттығу шеңберінде тактикалық-арнайы жаттығу белсенді түрде өтуде. Кезекті пайым бойынша Шемонаиха қаласында автомобиль көпірінің маңында Уба өзенінде мұз кептеліп қалған. 

Салдарынан Набережная көшесіндегі 30 үйді, шаруа қожалықтары мен бақша маңын су басқан, деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жол талғамайтын КУНГ көлігімен келіп жеткен 28-ӨСБ қызметкерлері құтқару жұмыстары мен эвакуациялық шараларды жүргізді. Жергілікті атқарушы органдар эвакуациялық пункт пен халықты тамақтандыруды ұйымдастырды.

Мал мен азаматтардың мүлігін қауіпсіз орынға көшіру үшін жеке кәсіпкерлердің техникасы жұмылдырылды. Су шайып кеткен бөгетті қалпына келтіру және нығайту, көшелердегі қарды шығару және арықтарды тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші объектілер мен қызметтердің күштері мен құралдары ұдайы жоғары дайындықта тұруы ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстанда республикалық оқу-жаттығулар шеңберінде бүгін жарылыстар болды. Уба өзеніндегі мұзды ұсақтатты. Осылайша жергілікті билік пен құтқарушылар көктем кезінде су тасуына себепкер болуы ықтимал арнаны кептелістен босатты.

Таң атысымен жауапты қызметтер жарылғаш заттарды төседі. Осы учаскедегі мұз шамамен 52 см құрайды. Уба өзеніндегі мұзды алдын ала ұсатуды шешті, себебі өңірде бір апта бойы құбылмалы ауа-райы орнаған. Шемонаихадағы автомобиль көпірінің жанында ғана мұз бетіне 140 ойық жасады.

Облыста осындай мұзды ұсатуды бойынша жарылу жұмыстарын қажет ететін 18 учаске бар. Жақын күндері аталмыш жұмыстар Шемонаиха мен Бородулиха аудандарында жүргізілетін болады, мұзды ұсату жалпы ауданы 17000 шаршы метрді құрады.

Сонымен қатар көпірлер мен су өткізу құбырларын тазалау жұмыстары жүргізілуде, 366 мың текше метр қар шығарылды. 87 мың дана қап пен 15 мың тонна инертті материал, 373 тонна ЖЖМ дайындалған.

Өзгелердің жаңалығы