ШҚО-да Pfizer вакцинасына қатысты жедел желі іске қосылды

17 Қараша 2021, 08:03
927
Бөлісу:
ШҚО-да Pfizer вакцинасына қатысты жедел желі іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында Pfizer вакцинасына қатысты жедел желі іске қосылды.

Бұл туралы ШҚО облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Эльмира Рахымбаева  Ақпарат орталығында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерді америкалық Pfizer вакцинасымен егу науқаны басталды. Шығыс Қазақстанда білім және денсаулық сақтау басқармаларының мамандары тарапынан жұмыс тобы құрылған. Олар облыстағы вакцинация барысын қадағалайтын болады. Осы ретте, ата-аналар өз сұрақтарына жауап ала алатын 71-11-31 Call-орталығы іске қосылды. Сонымен қатар Өскемен қаласы Қазыбек би даңғылы, 11 мекенжайы бойынша 305-кабинетке келіп кеңес алуға болады, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы