ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға автобус құрастырылуда

5 Қараша 2020, 07:28
1443
Бөлісу:
ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға автобус құрастырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында денсаулық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған  платформасы бар автобустар құрастырылып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Жаңа қоғамдық көліктер Семей қаласындағы «СемАЗ» зауытында құрастырылады.

Арнайы автобустар Өскеменге әкелінеді. Бұл көліктерде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолайлы жағдай жасалған. Автобусқа арнайы арбамен оңай кіруге болады, – деп мәлімдеді облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы.

Сондай-ақ аймақ басшысының айтуынша, жуық арада облыс мектептері оқушылар автобусымен қамтылады. Жаңа автобустарда балаларға арналған орындықтар және қауіпсіздік белдіктері болады.

 



Өзгелердің жаңалығы