ШҚО-да бірнеше дәріханада құрамында есірткілік заттары бар препараттар сатылғаны анықталды

8 Желтоқсан 2021, 21:37
860
Бөлісу:
ШҚО-да бірнеше дәріханада құрамында есірткілік заттары бар препараттар сатылғаны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында есірткі құралдарының заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дәрі-дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік заттарды рецептісіз жіберу, сондай-ақ осындай заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактілеріне ерекше назар аударылды.  

Осы заттарды өз қызметінде пайдаланатын 19 дәріхана, 12 емдеу мекемесі, 7 кәсіпорын мен ұйым тексерілді. Тексеру барысында ҚР ҚК-нің 303-бабында көзделген құрамында есірткі құралдары бар препараттардың айналымы ережелерін бұзуға жол берген медицина қызметкерлеріне қатысты 3 қылмыс, сондай-ақ Семей қаласының дәріханаларының бірінің фармацевті дәрілік препаратты рецептісіз босатудан көрінетін «фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар айналымы саласының ережелерін бұзу» ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша 1 құқық бұзушылық анықталды.

Қазіргі уақытта материал ШҚО бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.

Өзгелердің жаңалығы