ШҚО-да 900 тоннаға жуық шөп өртеніп кетті

17 Тамыз 2021, 20:29
4929
Бөлісу:
ШҚО-да 900 тоннаға жуық шөп өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 890 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Облыстық ТЖД-ның мәлімдеуінше, тек соңғы екі апта ішінде Катонқарағайда 14 тонна, Жармада 92 тонна, Үржарда 12 тонна шөп жанып кеткен.

Алтайда тіркемедегі бір тонна шөп өртенсе, Глубокое ауданында жер үйдің жанындағы 11 тонна шөп тып-типыл болған.

Құтқарушылардың айтуынша, көп жағдайда тұрғындардың бейғамдығынан өрт шығады.

Өзгелердің жаңалығы