ШҚО ауруханаларында дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

17 Қараша 2020, 14:35
1677
Бөлісу:
ШҚО ауруханаларында дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсету үшін дәрілік препараттардың қоры жеткілікті, деп хабарлады altaynews.kz.

Дәрі-дәрмектердің ішінде 144 мыңнан астам антипиретиктер, 65 мың вирусқа қарсы дәрілер, сондай-ақ 300 мыңнан астам антибиотиктер бар. Сондай-ақ, облысқа көптеген елдерде қолданылып жүрген жапон ғалымдары әзірлеген «Фавипиравир» препараты әкелінді.

Дәрі-дәрмектердің мұндай қоры 1 ай ішінде ауруханалардағы төсек-орын толық жүктелген кезде көмек көрсету үшін жеткілікті. Сондай-ақ, жоғары сұранысқа ие дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының тұрақтандыру қоры құрылды. Облыстың барлық медицина қызметкерлері індетке қарсы костюмдердің, маскалардың, респираторлардың және қолғаптардың 60 күндік қорымен қамтамасыз етілді, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы