Шірікрабат мәдениетінің ескерткіштері жайлы кітап жарық көрді

9 Сәуір 2022, 11:03
2606
Бөлісу:
Шірікрабат мәдениетінің ескерткіштері жайлы кітап жарық көрді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының ұйымдастыруымен «Сырдарияның төменгі ағысындағы ежелгі егіншілер» ғылыми басылымның тұсаукесері өтті.

Кітапта Сырдарияның төменгі ағасында орналасқан Шірікрабат мәдениетінің (Бәбіш мола, Бұланды) ескерткіштеріне 2007-2019 жылдары жүргізілген археологиялық қазба-зерттеу жұмыстарының нәтижелері баяндалады. Ғылыми басылымды тарих ғылымдарының кандидаты, институттыңң бас ғылыми қызметкері Жолдасбек Құрманқұлов,  Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының ерте темір дәуірі археологиясы бөлімінің жетекшісі  Жанболат Утубаев және Мәсккеу қаласындағы Шығыс музейінің аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Болелов сынды белгілі ғалымдар бірлесіп дайындады.

Тұсаукесер форматындағы дөңгелек үстел Қазақстан ғылымы күніне арналды.

Қазақстандық белгілі археолог-ғалым Жолдасбек Құрманқұлов жиынды ашып, ескерткіштердің зерттелу тарихы мен Шірікрабат мәдениеті жайлы кеңінен таныстырды.

Қызылорда облысындағы ежелгі антикалық қалалардың бірі – Шірікрабат  мәдениетінің елді мекені Сырдарияның төменгі ағысында б.з.д. I мыңжылдықтың екінші жартысында Хорезммен қатар мемлекеттік жүйе өмір сүрді. Сақ дәуіріндегі елдімекен тұрғындары климат ерекшелігіне қарай егін егу шаруашылығын меңгерді. Саз, құм және сабан қоспасынан иленген қыш кірпіштерінің арасынан дәндердің көп түрлері табылды. Яғни, сол кезеңде  сыр өңірінде қала мәдениетімен қатар, егін шаруашылығы дамыған өркениет орталығы болғанын айғақтайды, – деп атап өтті Ж. Құрманқұлов.

 Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының ерте темір дәуірі археологиясы бөлімінің жетекшісі Жанболат Утубаев кітаптың мазмұны 5 тараудан тұратынын жеткізді.

Бірінші тарау жалпы Сырдария төменгі бойындағы ескерткіштердің зерттелу таихына барынша  тоқталып өттік. Екінші тарау және үшінші тарауларда Бұланды және Бәбіш мола ескерткіштерінің соңғы жылдардағы зерттеулері берілді. Ал, төртінші және бесінші тарауларында Бәбіш мола және Бұландыдан табылған керамикалары қарастырылды,-деді ол.

Шірікрабат мәдениетінің ескерткіштері жайлы кітап жарық көрді

Сыр өңірі анау тас ғасырынан бері кейінгі жаңа заман тарихына тұнып тұрған өлке. Сырдария өзенінен төрт көне арналар бөлініп шығады олар Іңкәрдария, Эскідариялық, Жаңадария және Қуандария арналарын айтамыз. Соның ішінде ең көнесі Эскідариялық арнасынан тас дәуірінің тұрақтары табылса Іңкәрдария арнасынан неолит және қола дәуірінің ескертіштері орналасқан. Ал Жаңадария арнасында ерте темір дәуірінің ескерткіштері, Қуандария арнасы бойында Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері бой көтерген.

Кітапқа арқау болып отырған ескерткіштер Жаңадария бойында орналасқан. Ол жерде Шірікрабат мәдениетіне тән 200-ден аса үлкенді кішілі ескерткіштер бар көрінеді. Соның ішінде ірі ескерткіштердің саны 12 –і. Қалғандары жекелеген қоныстармен жерлеу орындары. Соның бірі Шірік рабат ескерткіші алғашқы Хорезм эксп зерттеулері бойынша ол қала астана болған деген тұжырымдар бар екен.

Негізінен бұл ескерткішті соңғы жылдары  зерттеу барысында оның қала емес патша көсемдерін, абыздарды, жауынгерлерді жерлеген ғұрыптық орын болғандығын айтамыз. Оған негіз қоршау ішінде 6 патша обалары, 4 мавзолей, 10 аса үйіндісі жоқ жерлеу шұңқырлары және 1 екі бөлмеден тұратын храм немесе мешіт тұрғызылған. Ал үйдің орындары жоқ екендігін айтып кеткен жөн. тек ескерткіштің оңтүстік бөлігіндегі цитадель ішінде әскерлердің уақытша тұрған орындары ашылды. Шірік рабат беделді адамдарды жерлеген пантеон болған,-деді Жанболат Утубаев.
 

Өзгелердің жаңалығы