АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс қайта ушығып отыр. Ормуз бұғазы маңындағы әскери белсенділік, Вашингтонның қатаң мәлімдемелері және Таяу Шығыстағы геосаяси ойыншылардың әрекеті әлемдік қауымдастықты алаңдата бастады.
Сарапшылардың пікірінше, бұл тек аймақтық текетірес емес – жаһандық экономика мен халықаралық қауіпсіздікке әсер ететін үлкен дағдарыстың басталу қаупі бар.
Саясаттанушы Аман Мәмбетәлиев BAQ.KZ тілшісі Олжас Адайға берген сұхбатында қазіргі геосаяси жағдайды, АҚШ-тың стратегиясын, Иранның ұстанымын және Қазақстанға әсер етуі мүмкін қауіптерді талдап берді.
Сұхбатта талқыланған тақырыптар:
АҚШ пен Иран текетіресінің тарихи себептері.
АҚШ-тың Израильге қатысты саясаты және стратегиялық қателік мәселесі.
Соғыс ушығатын жағдайда Иран одақтастарының әрекеті.
Дональд Трамп кезеңіндегі АҚШ-тың әлемдегі позициясы.
Ресей–Украина соғысының неге көлеңкеде қалғаны.
Қақтығыстың тоқтау ықтималдығы мен негізгі сценарийлер.
Зеленский мен Трамп арасындағы саяси келіспеушіліктер.
Ресей мен Украина экономикасының соғыс жағдайына бейімделуі.
Арменияның Ресейден алыстауы және Кремльдің ықтимал жауабы.
Израиль президентінің Қазақстанға сапары төңірегіндегі сын.
Ормуз бұғазы жабылған жағдайда Қазақстан экономикасына әсері.
Ядролық қарусыз Қазақстанның қауіпсіздік мәселесі.
Қазақстанға қауіп төнген жағдайда араласуы мүмкін мемлекеттер.
Жаңа Әділет партиясының саяси ықпалы мен «Аманатқа» бәсекесі.
Құрылтай депутаттарына қойылатын талаптар және қазіргі депутаттардың әлсіз тұстары.