Шілдеге дейін 18 мың азамат әскерге шақырылады

1 Наурыз 2023, 15:19
1105
Бөлісу:
Шілдеге дейін 18 мың азамат әскерге шақырылады
Фото: egemen.kz

Бұл туралы Қарулы күштердің Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Бауыржан Артықов мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

1 наурыздан бастап жергілікті атқарушы органдарының 195-ші әскерге шақыру пунктерінде қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары өз жұмысын бастайды. Оған әкімдердің орынбасарлары басшылық етеді. 2023 жылы 1 шілдеге дейін Қарулы күштерге басқа да әскер құрылымдарының қатарына әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ 18-ден 27 жасқа дейінгі 18 мың ер азамат шақырылады, – деді Бауыржан Артықов ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Артықовтың атап өтуінше, соның ішінде Қарулы күштерге – 7 мыңнан астам, Ұлттық ұланға – 6 мыңнан астам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне – 3 мыңнан астам, Төтенше жағдайлар министрлігіне – 300-ден астам, Мемлекеттік күзет қызметіне – 80 астам азаматпен толықтырылады.

Өзгелердің жаңалығы