Шикі мұнай мен газ өндірісінің теріс көрсеткіштері сақталып келеді

9 Желтоқсан 2021, 08:48
2619
Бөлісу:
Шикі мұнай мен газ өндірісінің теріс көрсеткіштері сақталып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

Әсет Ерғалиев өз баяндамасында Тау-кен өнеркәсібінде өсудің қалпына келу қарқыны жалғасып жатқанын хабарлады.

Есепті кезеңде сала бойынша өндіріс көлемі 0,8%-ға артты. Салалар бойынша өсім металл кендерін өндіруде 3,9%-ды, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 1,8%-ды, көмір өндіруде – 0,7%-ды құрады. Шикі мұнайды, газды және өзге де пайдалы қазбаларды өндіру салаларында өндірістің әлі де теріс көрсеткіштері сақталып отыр, - деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.

Сонымен қатар Ерғалиевтің атап өтуінше, өткен 11 ай қорытындысы бойынша құрылыс саласы жоғары қарқынын сақтап, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 6,2%-ға өсті.

Көрсеткіштің оң өсімі 15 өңір бойынша тіркелген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Алматы қаласында, сондай-ақ Маңғыстау және Ақмола облыстарында байқалып келеді, -деді ол.

Өзгелердің жаңалығы