Шетелге шығатын адамдар вакцинацияның толық курсын қайтадан қалай ала алады?

4 Сәуір 2022, 09:01
2421
Бөлісу:
Шетелге шығатын адамдар вакцинацияның толық курсын қайтадан қалай ала алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелге шығатын адамдарға растайтын құжаттарын ұсынып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын қайта алуына болады. 

Бұл ретте, вакцина сапарға шығатын елдің талаптарына байланысты таңдалады. Егілетін адамнан немесе оның заңды өкілдерінен профилактикалық егу курсын қайта жүргізуге жазбаша түрде хабардар етілген келісім алынғаннан кейін КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын қайта жүргізуге рұқсат етіледі. 

Шетелге шығатын кезде вакцинацияның толық курсын қайтадан алу үшін медициналық ұйымға қандай растайтын құжаттарды ұсыну қажет? 

Вакцинация курсын қайтадан алу үшін шетелге шығуды растайтын мынадай құжаттарды ұсыну керек: виза (туристік, қонақ, іскерлік), оқуға, емделуге шақыру, халықаралық деңгейдегі іс-шараларға – конкурстарға, конгрестерге және тағы басқаға қатысатынын растайтын құжат. 

КВИ-ға қарсы соңғы вакцинация мен вакцинацияның толық курсын қайтадан алу арасында интервал бар ма? 

КВИ-ға қарсы соңғы вакцинация (вакцинация және ревакцинация) мен КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын қайталау арасындағы интервал кемінде 3 ай. 

Вакцинацияның толық курсын қайтадан алған кезде алынған ревакцинацияны қайталанған курстың бірінші дозасы ретінде ескеруге бола ма? 

Егер дозалар арасындағы интервал 3 айдан аспаса, вакцинацияның толық курсын қайта жүргізу кезінде ревакцинацияны КВИ-ға қарсы профилактикалық егулердің бірінші дозасы ретінде есепке алуға болады. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мақұлдаған вакциналарды, оның ішінде «Комирнати» вакцинасын қолданып, КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын қайдан алуға болады? 

Шетелге шығу мақсатында КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын тұратын жердегі профилактикалық егулер жүргізетін медициналық ұйымнан алуға болады. 

«Комирнати» (Phizer) вакцинасымен вакцинациялау кезінде қандай интервал сақталады? 

«Комирнати» вакцинасымен КВИ-ға қарсы егу бірінші дозадан кейін 21-28 күн интервалмен екі рет жүргізіледі. 

«Комирнати» (Phizer) вакцинасы қандай температуралық режимде сақталады? 

«Комирнати» (Phizer) вакцинасы орталық қоймада 9 ай бойы минус 60-90 градус Цельсий температурада, медициналық ұйымдарда 1 ай бойы плюс 2-ден плюс 8 градус Цельсийге дейін температурада сақталады. Осыған байланысты, вакцина медициналық ұйымдарға тұтыну ескеріле отырып, аз мөлшерде жеткізіледі.

Дерке көзі: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Өзгелердің жаңалығы