Ақтөбелік алаяқ шетелге оқуға түсіремін деп адамдардың ақшасын жымқырып келген

4 Шілде 2019, 22:25
1827
Бөлісу:
Ақтөбелік алаяқ шетелге оқуға түсіремін деп адамдардың ақшасын жымқырып келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицияға Корея мен АҚШ-қа оқуға түспек болған балалардың ата-аналары хабарласты, деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД-нің баспасөз қызметі. 

Олардың сөзінше, 24 жастағы қыз грант бойынша шетелге оқуға жіберемін деп айтып, алдау арқылы 700 мыңнан 2 млн теңгеге дейін ақшаларын қолды еткен.

Алаяқ қыз екі ағайынды балаларды АҚШ-қа грант бойынша оқуға жіберемін деп сендіріп, 780 мың теңге көлемінде ақша алған.

"Қазіргі кезде Ақтөбе қаласында үш жәбірленуші анықталды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша сот алды тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласында да бірнеше адамды алдап үлгерген, сол жақта қолға түсті. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы