Шетелдіктерге емханаға тіркелу үшін сақтандыру полисін сатып алу міндеттеледі

19 Қыркүйек 2023, 12:01
798
Бөлісу:
Шетелдіктерге емханаға тіркелу үшін сақтандыру полисін сатып алу міндеттеледі
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұдан былай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден келген еңбек мигранттары емханаға тіркелу үшін ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып алатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Төлеуова Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Пациент басқа елді мекенге кеткен болса (іссапарға, қонаққа және т.б.) және ауырып қалса, онда ол шұғыл медициналық көмек алу үшін орналасқан жері бойынша жақын маңдағы медициналық ұйымға жүгіне алады немесе жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыра алады. МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесіне бекітуге сұрау салуды ресімдейді. Цифрлық денсаулық сақтау субъектісінің маманы бекітуге арналған сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау туралы не дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды, - деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.

Айтуынша, мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Оған сұрау салу МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін екі сағат бұрын қабылданатыны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы