Шетелдік журналистер Түркістанда Наурыз мейрамын атап өтті

23 Наурыз 2021, 20:30
1633
Бөлісу:
Шетелдік журналистер Түркістанда Наурыз мейрамын атап өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркітілдес мемлекеттердің тілшілеріне арналған баспасөз туры 20-22 наурыз аралығында өтті. Мажарстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Башқұртстан журналистерін өңірдің көркем табиғаты, бай тарихы мен жарқын мәдениеті, бұрынғы және қазіргі Түркістанды таныстырды.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл - аймақтың туристік мүмкіндіктерін арттыру үшін қажет. Үш күн бойы қонақтар Отырар және Қазығұрт аймақтарын, соның ішінде Арыстан Баб кесенесін, Кеме қалғанының монументін, ботаникалық бақты аралады. Олар Қ.А. Яссауи кесенесі мен Ақмешіт үңгірінде болды. Ондағы көне жәдігерлердің архитектуралық ерекшелігі мен тарихи мән-маңызы журналистердің қызығушылығын оятты. 

Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістан шаһарының бай тарихымен танысқан баспасөз турының қатысушылары сондай-ақ Түркістан қаласындағы жаңа көпфункционалды «Керуен Сарай» кешені мен басқа да туристік нысандарды аралады. Шетелдік журналистер тобы Наурыз тойын Түркістанда тойлады. Түркі елдерінен келген журналистерге ұлттық ойындар мен қазақ халқының тағамдары ұсынылды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар БАҚ қызметкерлері «Түркістанның инвестициялық және туристік мүмкіндіктері» атты халықаралық медиа-форумға қатысты. 

Осы шара аясында «Түркістан медиафорумы: инвестициялық және туристік мүмкіндіктер» атты роуд-шоу ұйымдастырылды. 

Айта кету керек, шетелдік журналистер тобы Түркістанның жаңа келбеті таңғалдырды. Қонақтарға киелі Түркістанның заманауи шаһарға айналып, өзінің ежелгі келбетін сақтап қалғанына ерекше қызығушылық танытты. 

Түркістан облысының таңғажайып табиғаты мен терең тарихына қаныққан қонақтар баспасөз турының жоғары дәрежеде өткендігін айтып, алғыстарын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы