Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқандар жауапқа тартылды

9 Маусым 2021, 11:55
2383
Бөлісу:
Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқандар жауапқа тартылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда «Келімсек» іс-шарасы барысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 14 қазақстандық жауапкершілікке тартылды. 

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

7-16 маусым аралығында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, Қазақстанда шетелдіктердің болу ережелерін бұзушылықтарды анықтау мақсатында Алматы қаласында «Келімсек» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның екінші күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 364 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 205-і Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған шетелдік азаматтар. Сот шешімімен 24 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін қабылдаушы 145 адам жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 14 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды, - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Өзгелердің жаңалығы