Шетелдік сарапшылар доллардың құлдырауын болжап отыр

17 Қараша 2020, 12:44
7283
Бөлісу:
Шетелдік сарапшылар доллардың құлдырауын болжап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация және әлемдік экономиканың жандануы доллар бағамының төмендеуіне әкеледі, деп болжайды Citigroup ірі халықаралық қаржы конгломераттарының бірінің сарапшылары. Бұл туралы Bloomberg жазды, деп хабарлады РИА Новости.

Компания 2021 жылы коронавирусқа қарсы вакцина таралған кезде доллар бағамының 20 пайызға құлдырауын болжап отыр. Бұл әлемдік сауданың қалпына келуіне және экономиканың өсуіне алып келеді.

Сарапшылардың пікірінше, АҚШ валютасының бағамына әсер ететін тағы бір фактор - АҚШ федералды резервті жүйесінің жұмсақ саясаты. Төмен ставкаларға байланысты инвесторлар америкалық активтерден халықаралық активтерге кетуге мәжбүр болады.

Бүгін доллар 2000 жылдардың басынан ортасына дейінгі жолды қайталай алады, - деді Citigroup мамандары.
Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін доллар бағамының төмендеуі туралы айтыла бастаған еді. Мамандар бұл жаһандану толқынын тудырып, АҚШ-тың жабық экономикасын артта қалдырып, әлемдік сауда көлемін арттырды деген пікірде.
Өзгелердің жаңалығы