Шетелдік қонақтар инновация саласындағы жұмыс қарқынын жоғары бағалады – Мусин

25 Мамыр 2022, 20:45
1360
Бөлісу:
Шетелдік қонақтар инновация саласындағы жұмыс қарқынын жоғары бағалады – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін әлемдегі ірі криптовалюталық биржалардың бірі Binance компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Чанпэн Чжаомен кездестім. Министрліктің жұмысымен таныстырып, жоба-жоспарларымыз жайлы айттым, деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  Бағдат Мусин.

«ҰАТ» АҚ-ның төрағасы Ростислав Коняшкинмен бірге «eGov.kz» платформасы жайлы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекет пен бизнестің коллаборациясы туралы айттық. Біздің министрлікте үзіліс кезінде қызметкерлер бой жазатын үстел теннисі бар, соны пайдаланып, ресми кездесуден кейін шетелдік мейманмен үстел теннисін ойнадық.

Сосын Astana Hub-тың бас директоры Мағжан Мәдиевпен бірге технопаркті аралатып, отандық технологиялық жобалардың экожүйесі жөнінде сөз қозғадық. Astana Hub базасындағы Blockchain орталығы және Blockchair, iDosGames, ROQED Science, InDriver, Paxaro Labs стартаптарымен таныстырдық. Сондай-ақ Аlem бағдарламалау мектебін көрсетіп, оқытушысыз білім алудың қыр-сыры жайлы айтып бердік, - деп жазды ол.

Шетелдік қонақтар инновация саласындағы жұмыс қарқынын жоғары бағалады – Мусин

Шетелдік қонақтар инновация саласындағы даму мен Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстардың қарқынын жоғары бағалады. 

Бұл ретте меморандумға қол қою рәсімі еліміздегі цифрлық шешімдерді дамытуға жаңа серпіліс беретіні анық!, - деді Мусин.

Өзгелердің жаңалығы