Шетелдік көліктерді заңдастыруға тағы да мүмкіндік берілді - ІІМ

24 Шілде 2023, 11:50
1439
Бөлісу:
Шетелдік көліктерді заңдастыруға тағы да мүмкіндік берілді - ІІМ
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Елімізде 17 шілдеден бастап бұрын есептен шығарылмаған немесе шектеуге байланысты заңдастырылмаған шетелдік көліктерді уақытша тіркеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ІІМ ӘПК басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Алтынбек Жамалиев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігі биыл 17 шілдеден бастап, бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған немесе шектеуге байланысты заңдастырылмаған 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстан Республикасына әкелінген автомобильдерге қатысты, 5 жылға уақытша тіркеу жұмысын бастады. Осылайша, азаматтарға автомобильдермен туындаған заңды мәселелерді шешу және оларды құқықтық салаға енгізу үшін уақыт беріліп отыр. Уақытша тіркеу үшін, көлік құралдарының иелері «уақытша тіркеу» тізіміне автомобильдің VIN-кодын енгізу үшін, өтінішпен және растайтын құжаттармен ПД ӘПБ ПО жүгінуі қажет, - деп атап өтті басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы.

Сонымен қатар ол уәкілетті органның қызметкері «уақытша тіркеу» тізіміне енгізгеннен кейін көлік құралының иесі ЭҮП арқылы автомобильді тіркеуге өтінім беретінін алға тартты.

Содан кейін 10 минут ішінде автоматты түрде тексеру жүзеге асырылады. Оң нәтиже болған жағдайда, иесінің жеке кабинетіне сәтті тексеру туралы және Мемлекеттік корпорация жанындағы тексеру пунктіне көлік құралын ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Тексеру пунктінде криминалист қызметкер 15 минут ішінде көлік құралының нөмірлік агрегаттарын салыстырып тексереді. Салыстырып тексеру нәтижелері оң болған кезде көлік иесі электрондық кезек бойынша Мемлекеттік корпорация қызметкеріне автокөлікті тіркеуге құжаттарды тапсыру үшін жолданады. Ол жерде мемлекеттік нөмірге – 9 660 теңге, мемлекеттік тіркеу құжатына - 4 313 теңге және көлік құралын 5 жылға тіркеу, сонымен қатар көрсетілген мерзім өткеннен кейін оны кері әкету туралы міндеттемеге қол қояды, - деді Алтынбек Жамалиев.

Айта кетерлігі, тіркеу құжаттарының түпнұсқалары және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері көлік құралының тіркелген жері бойынша Мемлекеттік корпорация филиалында уақытша тіркеу мерзімі өткенге дейін сақталады.

Тіркеу туралы куәліктің айрықша белгісінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу және иеліктен шығару құқығынсыз деген жазба, тіркеудің қолданылу мерзімі, сондай-ақ автомобильдің бұрынғы шетелдік иесінің деректері көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы