Шетелдік еңбек мигранттарына медициналық көмек қалай көрсетіледі

14 Тамыз 2023, 06:28
725
Бөлісу:
Шетелдік еңбек мигранттарына медициналық көмек қалай көрсетіледі
Фото: gov.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірлі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, атап айтқанда "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (кодекс) шетелдік азаматтар үшін есептелген медициналық сақтандыруды енгізу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сонымен, Кодекске "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер үшін медициналық сақтандырудың түрі болып табылатын, оларға медициналық қызметтерді есептелген медициналық сақтандырудың үлгілік шартында айқындалған талаптарда алуға мүмкіндік беретін "есептелген медициналық сақтандыру " ұғымы енгізілді.

Осының шеңберінде "Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы №ҚР ДСМ-90, "Көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 665, "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 13 қарашадағы №ҚР ДСМ-194/2020 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктер медициналық-санитариялық алғашқы көмек, дәрігерге дейінгі медициналық көмек, сондай-ақ шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек сияқты медициналық сақтандыру кезінде медициналық көмектің ең аз тізбесі бойынша ЕМС шеңберінде медициналық көмек алады.

Жобаны іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздемейді.

Өзгелердің жаңалығы