"Шетелдік банктер келіп, отандық банктерді басып алады": Назарбаева қорқынышы туралы айтты

20 Желтоқсан 2019, 13:30
6888
Бөлісу:
"Шетелдік банктер келіп, отандық банктерді басып алады": Назарбаева қорқынышы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында спикер Дариға Назарбаева қазақстандық банктерге бәсекеден қорқудың қажеті жоқ екенін айтты.

Сенат "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады. Талқылау кезінде депутаттардың кейбір еліміздің банктері қиындыққа тап болатынын айтқан болатын. Өйткені Ресейдің және өзге де шетелдің банктері техникалық және заманауи құралдар тұрғысынан озық. Сондықтан ондай бәсекеге отандық қаржы ұйымдары төтеп бере алмйды деген пікір айтылды. Бұған төрайым өз ойын қоса кетті. 

Жалпы, бәсекеден қорқудың қажеті жоқ. Шетелден банктер кіріп, "отандық банктерді басып алады" деген әңгіме өз банктерімізден шығып отыр. Оларда осындай үрей бар. Өз позицияларынан айырылып қалудан қорқады. Алайда қазіргі таңда қаржылық секторда проблема жетерлік. Ұзақ мерзіммен, төменгі пайызбен берілетін сома жоқтың қасы. Соның салдарынан шағын және орта бизнес тұншығып жатыр. Ал біздің банктер ол міндетті шешуге қауқарсыз. Сол себепті, бәсекеге керісінше қуануымыз керек. Отандық банктер басқа қаржы ұйымдарымен бәсекеге түссе, өз шарттарын өзгертуге мәжбүр болады. Бұл – нарық заманының талабы. еттерлік қабілет-қауқары жоқ. Сол себепті, бәсекеге керісінше қуануымыз керек. Нарықтық экономикаға бет алғанымызды білесіздер. Мықты бәсекелестік болса, отандық банктер өз кемшіліктерінен құтылады. Ішкі әкімшілендіру жүйесін ретке келтіреді, - дейді Дариға Назарбаева.

Өзгелердің жаңалығы