Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

5 Желтоқсан 2020, 10:44
743
Бөлісу:
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 4 желтоқсанынд Қазақстан Республикасының аумағына Венгрия, Литва, Пәкістан, Мысыр, БАӘ, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 16 халықаралық әуе рейсі келді.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіның баспасөз қызметі хабарлады.

1 898 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 695 адам, анықтамасыз 203 адам ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс, 1 298 жолаушы, анықтамамен - 1 142, анықтамасыз - 156;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, 478 жолаушы, анықтамамен - 433, анықтамасыз - 45;
Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 122 жолаушы, анықтамамен - 120, анықтамасыз - 2.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 203 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті.


Өзгелердің жаңалығы