Шетелден келген жолаушылардан індет анықталған жоқ

4 Қаңтар 2021, 11:46
1326
Бөлісу:
Шетелден келген жолаушылардан індет анықталған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 3 қаңтарында Қазақстанға Германия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Украина, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлады санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

2 375 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 843 адам, анықтамасыз 532 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 184 жолаушы, анықтамамен - 1 018, анықтамасыз - 166;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 191 жолаушы, анықтамамен - 825; анықтамасыз - 366.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 2 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 254 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.




Өзгелердің жаңалығы