Шетелден келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

16 Қаңтар 2021, 13:20
1284
Бөлісу:
Шетелден келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелден ұшып келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

2021 жылдың 14 қаңтарында анықтамасыз келген 280 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде екі жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен, тағы екі жолаушы Дубай - Алматы рейсімен келген, - делінген хабарламада. 

Комитет ақпаратына сүйенсек, 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына ҚХР, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді. 

1 941 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 725 адам, анықтамасыз 216 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен – 1 042, анықтамасыз – 127, Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 739 жолаушы, анықтамамен - 650, анықтамасыз – 89, Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 33 жолаушы анықтамамен келген, - деп хабарлады комитеттің бапасөз қызметі.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.



Өзгелердің жаңалығы