Шетелден келген 4 жолаушыдан КВИ анықталды

11 Қаңтар 2021, 14:04
1250
Бөлісу:
Шетелден келген 4 жолаушыдан КВИ анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 10 қаңтарында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ақпарат таратты.

2021 жылғы 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді. 

2 655 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 283 адам және анықтамасыз 372 ҚР азаматы келді. 

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 531 жолаушы, анықтамамен - 1 375, анықтамасыз - 156; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 124 жолаушы, анықтамамен - 908; анықтамасыз - 216.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 9 қаңтарында анықтамасыз келген 247 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Қостанай рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Өзгелердің жаңалығы