Шетелдегі қандас: Білімің болса, қай жерде болмасын өмір сүруге болады

7 Желтоқсан 2022, 10:54
5138
Бөлісу:
Шетелдегі қандас: Білімің болса, қай жерде болмасын өмір сүруге болады
PHOTO

Шетелде тұрып жатқан этникалық қазақтар аз емес. Солардың бірі – Қытайдың Тарбағатай аймағының тумасы Ұлан Телеуәзі. Ұлан қазіргі күні Қытай астанасы Бейжіңде тұрады. Ұланмен оның өмірі, кәсіби мансабы жайында әңгімелесіп көрдік, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ұлан Телеуәзі Тарбағатай аймағында Дөрбілжің ауылында туып өскен. Жасы 29-да. Қытайдың кәсіпқой бокстағы чемпионы.

«Ауылда өскен баламыз...»

Ұлан Телеуәзі әңгімесін өзі жайында айтудан бастады. Ол Тарбағатай аймағы (Қытай Халық Республикасы), яғни Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Іле Қазақ автономиялық облысына қарасты әкімшілік аймақта туып өскен.

Шетелдегі қандас: Білімің болса, қай жерде болмасын өмір сүруге болады

Өзім Тарбағатай аймағының қазағымын. Қазір ата-анам Тарбағатай аймағындағы Дөрбілжің ауылында тұрады. Негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Өзіміз де ауылда малға қарап өскен баламыз. Осы уақытқа дейін әке-шешем қыр сахарасында тұрғандықтан, қалаға келуге ниеттері жоқ, - дейді ол.

Шетелдегі қандас: Білімің болса, қай жерде болмасын өмір сүруге болады

Сөзінше, Ұланның ойында ата-анасын да астанаға көшіру болған. Алайда әке-шешесі ауылда тұруды жөн көрген.

Ұланның бір әпкесі бар. Ол қазір тұрмыста, екі баласы бар.

Кәсіпқой бокс. Қытайдың чемпионы

Ұлан Телеуәзі Шыңжаң аймағынан Бейжіңге 2016 жылы көшіп келген. Қазір спортпен айналысады. Нақтырақ айтқанда, кәсіпқой бокспен шұғылданады. Осы күнге дейін шамамен 20 жарыс өткізген.

Шетелдегі қандас: Білімің болса, қай жерде болмасын өмір сүруге болады

Бокспен айналысып келе жатқаныма 15 жыл болды. Яғни былғары қолғап киюді 14 жасымнан бастадым десем болады. Алдымен әуесқойда, кейін кәсіпқойға ауыстым. Кәсіпқойға өткеніме шамамен 5 жыл болды. Қазір Қытайда өз салмағым бойынша рейтингте бірінші орында тұрмын. 51 келі салмақта өнер көрсетемін. Негізі бүгінгі күнгее дейін 20 рет шаршы алаңға шығып өнер көрсеттім. Оның 12-сі жеңіс болса, 4-еуі жеңіліс, ал қалған төртеуінде теңдей тарқастық, - дейді ты Қытайдағы қазақ боксшысы.

Ол бокс саласына қалай келгенін де айта кетті.

Шетелдегі қандас: Білімің болса, қай жерде болмасын өмір сүруге болады

Бала кезімде дене бітімім кішкентай болды. Кейін бокспен шұғылдану денсаулыққа пайдалы болар деп ойлап, осы спорт түрімен шұғылдана бастадым. Боксқа келгенімнің бір себебі осы. Кейін кәсіп ретінде жалғастыра бастадым, - дейді Ұлан Телеуәзі.

Боксшы қазақстандық спортшылардың да өнерін әрдайым бақылап отыратынын айтты.

Кішкентайымнан боксшыларға еліктеп өстім. Филипиндік спортшыны кумир тұттым. Одан басқа спортшыларға да бой түзеп өстім. Ал қазақстандық боксшылардан Геннадий Головкин, Жәнібек Әлімханұлын спортшы ретінде қатты құрметтеймін. Олар тек кәсіби спортшы ғана емес, сонымен бірге бойларында асыл қасиеттері мол, адамгершілік құндылықтары жоғары азаматтар. Маған осы қасиеттері ерекше ұнайды. Жәнібек Әлімханұлының соңғы ойынын да көріп, тамашаладық. Тамаша ойын өнерін көрсетті, - деп сөзін толықтырды ол.

Шетелдегі қандас: Білімің болса, қай жерде болмасын өмір сүруге болады

Ұлан бокс жарыстарына қатысу үшін шетелге де барып, шаршы алаңға шығып жүргендерін айтты. Мысалы, Таиланд, Жапония, Корея Республикасында болған. Сондай-ақ ол алдағы уақытта тағы бір жарысқа қатысады.

Қарсыластарымыздың да бойы, салмағы өзіміз шамалас болады. Тек дәрежеміз әр түрлі болады. Қазір елімізде (Қытайда – ред.) бокс тарихы аса ұзақ емес. Бірақ соған қарамастан, көп еңбек етіп нәтиже шығаруға тырысып жатырмыз. 2019 жылы желтоқсан айының 31 жұлдызында әлем чемпионы атағына таласқан едім. Бірақ өкінішке қарай, ол кезде жеңіліс таптым. Кейін коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантин басталып, 3 жылдай жарыстарды тоқтата тұрдық. Бірақ сонда да машықтануды, жаттығу жасауды тоқтатпадық. Енді қайтадан жарыстарға дайындалып, жақсы нәтиже көрсетуге бар күш-жігерімізді салып жатырмыз, - деп түсіндірді ол.

Айтуынша, өздерінің жарысқа дайындайтын командасы бар. Бір жарысқа шамамен 6 аптадай (1,5 ай) дайындалады. Осы уақыт ішінде салмақты ретке келтіріп, спаринг жасап, шынығады.

Жалпы қанша майдан болса, соның бәріне дайын жүруіміз керек. Сол үшін жарысқа барынша дайындықпен шығамыз. Алдымен қарсыласымызды толығымен зерттеп аламыз. Жалпы спорт жолына түскен адамның бойында ең алдымен шыдамдылық қасиеті болуы керек. Оған қоса, еңбекқор болғаны абзал. Мысалы, күнделікті тұрмыстағы қажеттіліктерге көп мән берген дұрыс. Ол дұрыс тамақтанудан психологиялық денсаулықты сақтауға дейін, - деп есептейтінін айтты Қытай қазағы.

«Тойым қазақтың салт-дәстүрі бойынша өтті»

Өзім 2020 жылы үйлендім. Бір қызым бар. Есімі – Әннә. Зайыбым Үрімшіден. Өзіміздің қазақ қызы. Тойымыз карантин уақытында өтті. Бірақ адам көп болмады. Ең жақындарымызды шақырып, кішігірім той жасадық. Бәрі қазақтың салт-дәстүрі бойынша ұйымдастырылды, - дейді ол.

Шетелдегі қандас: Білімің болса, қай жерде болмасын өмір сүруге болады

Сөзінше, негізгі отауы Үрімшіде. Қазір Бейжіңде пәтер жалдап тұрып жатыр. Ұлан Бейжіңде пәтер жалдау бағасы бір бөлмелі үй үшін шамамен 4 000 юань (270 мың теңгеден асады) екенін айтты.

Ұлан Телеуәзі кәсіпқой бокстан басқа, жаттықтырушы ретінде жұмыс істейтінін айтты.

Қазір жеткен жетістіктерімнің арқасында жаттықтырушы болып та жұмыс істеймін. Онымен қоса, өзімнің жаттығуларымды тоқтатпаймын. Әр жарысқа қатысқан сайын ақша төленеді және жаттықтырушы ретінде де ай сайын табыс тауып отырамын. Қазір айналысып жүрген кәсібім осы. Әйелім қызметте болды. Бірақ қазір бала күтіміне байланысты үйде. Жарыстарымнан бос уақытта спорт орталықтарында жас балаларды да, ересектерді де жаттықтырамын, - деп айтты ол.

«Қазақстандықтар өте мәдениетті, сыпайы»

Ұлан Телеуәзіден Қазақстанда туысы, танысы бар-жоғын сұрап көрдік. Ол елімізде туысы жоқ екенін айтты. Сондай-ақ ол Қазақстанда да өтетін бокс жарыстарына қатысуға мүмкіндіктері барын айтты.

Шетелдегі қандас: Білімің болса, қай жерде болмасын өмір сүруге болады

Егер Қазақстанда да бокс кештері, жарыстар ұйымдастырылып жатса, біз де барып қатыса аламыз. Ол үшін алдымен жарысқа тіркелу қажет. Тіркелудің еш қиындығы жоқ деп ойлаймын. Негізі 2015 жылы Қазақстанда болдым. Алматыға барған едім. Ол кезде бокс жарыстарын көруге барған болатынмын. 5 күн бойы Алматыда болғаным есімде, - деді Ұлан.

Ол қазақстандықтар жылы қарсы алып, қонақжайлықтарын көрсеткенін атап өтті.

Қазақстанда бізді өте жылы қарсы алды. Жатын орын, тамақ жағынан қиналмадық. Бәрі ыңғайлы болды. Алматылықтардың өте мәдениетті, сыпайы, қонақжай болғаны әлі есімде. Бірақ бір жерден екінші жерге жету аздап қолайсыздық тудырды. Себебі көлік кептелісінде біраз уақытыңды жоғалтып алады екенсің. Жерасты көлігі, яғни метроның барын естідім, бірақ оған отыруға мүмкіндік болмады, - дейді ол.

Шетелдегі қандас: Білімің болса, қай жерде болмасын өмір сүруге болады

Ұлан Алматының тауларын, даласын аңсап, көргісі келгенін айтты.

Өзім далаға, тауға жақын болғандықтан Алматы маңындағы тауға, жайлауға барғым келген еді. Алайда уақыттың тығыздығына байланысты үлгермедім. Себебі өзім бір жағынан соны аңсап, көргім келіп барған болатынмын. Оның үстіне күз мезгілі еді. Ауа райы да суық болды. Бірақ Алматы ұнады. Әр елдің, қаланың өзінің ерекшелігі, артықшылығы болады емес пе.., - деп айтты Қытай қазағы.

Сөз соңында қазақстандықтарға, қазақтарға жылы лебізін білдіріп, қайда жүрсе, аман болуларын тіледі.

Қай жерде болмасын тұрып, бейімделіп кетуге болады. Әзірше ойымызда «біз қазақпыз, Қазақстанға көшуіміз керек» деген ой жоқ. Қытайда да барлығы жақсы, өмір сүруге жағдай қолайлы. Ешкім ұлтқа, нәсілге бөлінбейді. Бір елде бір ұлт ретінде өмір сүріп келеміз. Білімің болса, биік белестерді қай жерде болмасын бағындыруға жол ашық, - деп сөзін қорытындылады Қытай қазағы Ұлан Телеуәзі.

Өзгелердің жаңалығы