Шетелдегі қазақтілді БАҚ ассоциациясы құрылады – «Отандастар қоры»

12 Шілде 2021, 14:14
1794
Бөлісу:
Шетелдегі қазақтілді БАҚ ассоциациясы құрылады – «Отандастар қоры»

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов «Шетелдегі қазақтілді БАҚ ассоциациясын» құру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, жастармен жұмыс барысында, «Жас қазақ» халықаралық қазақ жастары клубы құрылды. Клуб құрамына шетелдегі белгілі жас блогерлер, жастар ұйымдарының төрағалары, белсенділер қосылды.

Жастардың басын біріктіреу «Киелі Қазақстан» жобасы аясында жүзеге асырылып келеді. 2019 жылы – Ақтау қаласы, 2020 жылы – Түркістан облысы және Шымкент қалаласында ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты - шетелдегі этникалық қазақтардың Қазақстанның киелі жерлеріне экскурсия жасап, олардың тарихи отанымен байланысын орнату. 2020 жылы пандемияға байланысты шекара жабық болғандықтан, Қазақстанда білім алып жатқан қандас студенттерге жобаға тартылды, - деп атап өтті Сарбасов.

2020 жылы «Отандастар қоры» жүргізген зерттеу аясында шетелдегі қазақтілді БАҚ бойынша деректер базасы әзірленді. Зерттеу нәтижесінде 93 БАҚ пен қандастар пайдаланатын белсенді әлеуметтік желі парақшалары бар.

Алдағы уақытта, қандастарға қатысты өткен іс-шаралар туралы ақпараттардың таралуына қолдау көрсету және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мақсатында «Отандастар Қоры» жанынан «Шетелдегі қазақтілді БАҚ ассоциациясын» құру жоспарланып отыр, - деп толықтырды Мағауия Сарбасов.

Айтуынша, бұл елде болып жатқан қазақ тілінде шыққан жаңалықтарды шетелде тұрып жатқан ағайынға жеткізу құралы болмақ.

Сондай-ақ шетелдегі бауырларымыздың тыныс-тіршілігі туралы да ақпарат алмасып тұрамыз. Бұл жұмыс мәресіне жетеді деп ойлаймын, - дейді «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті.



Өзгелердің жаңалығы