Шетелдегі дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады

5 Маусым 2022, 08:59
1689
Бөлісу:
Шетелдегі дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония мен Корея Республикасында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда өздерінің дауыс беру конституциялық құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды. 

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Референдумда дауыс берген алғашқы қазақстандық Токио қаласындағы жақында 18 жасқа толған жас сайлаушы Алижан Салиев болды. Бұл оның алғашқы сайлауы және ол осы өзінің құқығын қуана жүзеге асырды. 

Шетелдегі дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады

Мен жақында 18 жасқа толдым және осындай тарихи оқиғаға алғаш рет қатысу мен үшін өте қызықты. Оған қоса бұл үлкен жауапкершілік, өйткені менің дауысым да Конституцияны жаңартуда ескерілетін болады. Мен Қазақстанның Жапония сияқты дамыған елге айналғанын қалаймын, - деді Әлижан. 

Шетелдегі дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады

Оңтүстік Кореяның астанасындағы № 258 учаскеге алғаш болып қазақстандық отбасы Кәкім Данабаев пен Аруна Жәнібек келді. Олар Сеулде 10 жылдан астам уақыт тұрып, бизнеспен айналысады. 

Шетелдегі дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады

Мен корей серіктестеріммен бизнес жүргіземін. Олардың өз еліндегі жағдайды қалай талқылайтындарын, саяси өмірге белсенді қатысатынын жиі көремін. Сондықтан соңғы 10 жыл ішінде мен бірде-бір сайлауды өткізіп алған жоқпын. Бұл жолы да өз дауысымды беруге келдім, өйткені референдумға қатысу біздің азаматтық парызымыз. Біздің дауысымыз - балаларымыздың болашағы, - деді кәсіпкер.

Сонымен қатар Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Джакарта, Ұлан-Батыр қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады.

Шетелдегі дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады

Бішкек, Ташкент, Ашхабад және Душанбеде сайлау учаскелері ашылды.

Шетелдегі дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады
Өзгелердің жаңалығы