Шетелде вакцина салдырған қазақстандықтар не істеу керек?

25 Қаңтар 2022, 18:31
1461
Бөлісу:
Шетелде вакцина салдырған қазақстандықтар не істеу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады. 

Оның айтуынша, ел азаматтарының оған құқығы бар.

Коронавирус инфекциясына қарсы елімізде жалпы ревакцинация енгізілген күннен бастап біз азаматтардың құқығы туралы айтып келеміз. Егер олар шетелде вакцинацияланған болса, Қазақстан келіп, өзінің вакцинация құжатын көрсетуі тиіс. Сол кезде ол біздің ақпараттық жүйемізге тіркеледі, - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін комитет басшысы карантин мерзімін 14 күннен 10 күнге дейін қысқартылғанын айтқан болатын. Мұндай шешімге келуге «Омикрон» штамының ауру ағымы мен халықаралық тәжірибе ескерілген.

Өзгелердің жаңалығы