Шетелде тұратын қандастарымыз Жетісудің киелі жерлерін аралады

14 Қазан 2021, 21:06
2897
Бөлісу:
Шетелде тұратын қандастарымыз Жетісудің киелі жерлерін аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелде тұратын жас қазақтар 2021 жылғы 11-14 қазан аралығында өткен Жетісудің киелі жерлеріне «Киелі Қазақстан» атты экскурсияға қатысты. 

Іс-шараға шетелден келген қазақ қоғамдық ұйымдарының жас басшылары, Түркия, Иран, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қытай және Жапонияда тұратын, спорт және өнер саласында жетістікке жеткен журналистер, блогерлер мен отандастар қатысты.

Экскурсия барысында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда қатысушылар «Қазақстанның киелі географиясы» көпфункционалды картасымен, Қазақстан тарихымен, сондай-ақ қазақ тілін оқыту әдістемелерімен, Қазақстандағы білім беру гранттарымен және шетелден келген жастарға арналған басқа да мүмкіндіктермен танысты.

Бірінші күні қатысушылар Райымбек батырдың кесенесі мен Алматы қаласының Республика алаңына барды. Қатысушылар «Алтын Адам» мұражайына, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне, Алматы облысындағы Қайыңды және Көлсай көлдеріне барды.

Өзгелердің жаңалығы