Шетел азаматы таудан түсе алмаған

ТЖМ құтқарушылары шетел азаматы мен оның екі досына таудан түсуге көмектесті.

 ТЖМ телеграм каналы 1 Қараша 2026, 03:28
1 Қараша 2026, 03:28
127
Фото: ТЖМ телеграм каналы
Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Космостанция маңында ТЖМ қызметкерлері таудан өздігінен түсе алмай қалған үш жас жігітке көмек көрсетті. Олардың таудан түсуіне тоңу салдарынан қиындық туындаған.

Арнайы техникамен патрульдеу барысында құтқарушылар жастар тобын байқап қалған. Олардың арасында 2006 жылы туған Бангладеш азаматы және 2007, 2010 жылы туған екі досы болған. Таудан түсу кезінде жастар тоңып, көмекке мұқтаж болған.

Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге дейін ертіп түсіп, өрт сөндіру бөлімінің медициналық пунктіне жеткізді. Онда оларға тексеру жүргізілді. Медициналық көмек қажет болмады.

Таудың етегінде жастарды туыстары қарсы алып, үйлеріне алып кетті.

Наверх