Шет елде сотталғандарға Қазақстанда жазасын қалай өтеуге болады?

22 Сәуір 2021, 11:28
2038
Бөлісу:
Шет елде сотталғандарға Қазақстанда жазасын қалай өтеуге болады?

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң қабылданды.

Бұл шарттың басты мақсаты – басқа елдерде сотталған Қазақстан азаматтарына жазасын елімізде өтеуге мүмкіндік жасау. Сотталған адамдарды беру үшін өзіндік шарттары бар.

Ол адам екі елдің бірінің азаматы болуы тиіс. Екі елде де қылмыс болып саналатын әрекет үшін сотталған болуы қажет. Сұрау алынған кезде үкім заңды күшіне енген болуы тиіс және кемінде 6 ай өтейтін уақыты қалуы керек. Сотталған адамның жазбаша келісімі керек, - деді Бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов. 

Ал мынандай жағдайда сотталған адам елге қайтарылмайды:

- егер қылмыскерді беру ел егемендігіне нұқсан келтіретін болса, ұлттық заңнамаға қайшы келсе; 
- адам мемлекеттік қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыс үшін сотталған болса; 
- сотталған адам талап қою рәсімдеріне тартылған болса. 
- оның қылмысы арқылы келген шығынды қайтару жөнінде сот процесі жүріп жатса. 

Қазіргі кезде екі жақта да беруге жататын сотталғандар жоқ. Осындай шарттар 21 елмен жасалды (Украина, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері). Болашақта 6 елмен (Өзбекстан, Кипр, Португалия, Перу және Доминикан Республикасы) қол қоюды қарастырамыз. Бүгінгі таңда Қазақстанда 970 шетел азаматы бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр. Ал шет елдерде сотталған 922 Қазақстан азаматы бар, - деді Берік Асылов.

Өзгелердің жаңалығы