Шет ауданында жаңа мектеп ашылды

31 Желтоқсан 2021, 19:42
1971
Бөлісу:
Шет ауданында жаңа мектеп ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Шет ауданы Киікті ауылында жаңа мектеп ашылды. Ол 150 оқушыға арналған. 

Оқу орны апаттық жағдайда болған ғимараттың орнына салынды. Мектеп екі блоктан тұрады, және де заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Онда 17 оқу кабинеті, лингафонды-мультимедиялық сынып, шеберханалар, спорт залы, кітапхана, асхана, медициналық кабинет бар.

Қарағанды облысы Шет ауданы Киікті ауылында жаңа мектеп ашылды. Ол 150 оқушыға арналған.

Оқу орны апаттық жағдайда болған ғимараттың орнына салынды. Мектеп екі блоктан тұрады, және де заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Онда 17 оқу кабинеті, лингафонды-мультимедиялық сынып, шеберханалар, спорт залы, кітапхана, асхана, медициналық кабинет бар.

Үшінші тоқсанда Киікті ауылының оқушыларын барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде оқыту жоспарлануда, – деп хабарлады Білім басқармасынан.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов киіктіліктерді заманауи мектептің ашылуымен құттықтап, оқу орнына 10 миллион теңгеге сертификат табыс етті.

Өзгелердің жаңалығы