Шерзат Болат өлімі: Дүкенге қарсы үйде тұратын куәгер сотта жауап беріп жатыр

5 Мамыр 2025, 10:59
1233
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Шерзат Болаттың өлімі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сотта куәгер Сәкен Әкежанов сұрақтарға жауап беріп жатыр. Ол қайғылы оқиға болған “Қамажай” дүкеніне қарама-қарсы үйде тұрады. Куәгер Сәкен Әкежанов сот орындаушысы болып жұмыс істейді.

Оқиға болған түні ол атылған сияқты дауыс естіген, бірақ ол мотоциклдің дауысы деп ойлаған.

Ойбайлап жатқан әйелдің дауысын естідім. “Скорая” шақырыңдар деді. Балконға шығып қарасам, он шақты жігіт жүгіріп барып, бір жігітті тепкілеп жатты. “Қойыңдар, өлтіресіңдер ғой” деп айғайладым, – дейді куәгер.

Сөзінше, оның үйінен “Қамажай” дүкені анық көрінбейді.

Ол жерде жатқан жігітті ұрып-соққанын айтты, бірақ ол кімді кім ұрғанын байқамаған. Бірақ ол жерде жатқан адамды бір затпен соққанын байқаған. 

 

Өзгелердің жаңалығы